Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Павлодарда 100 млн теңгеге салынған үйлер сапасыз болып шықты

AstanaTV
22.09.2022ж. 20:00
1434
Павлодарда 100 млн теңгеге салынған үйлер сапасыз болып шықты

Павлодарда 100 млн теңгеге салынған үйлер сапасыз болып шықты.  Баспаналардың төбесінен жазда су ағады, қыста есік-терезеден жел улейді. Тұрғындардың айтуынша, бұл үйді әкімдік салып берген.  Алайда, олардан да қайыр болмай тұр дейді.  Ауылдағы ағайынның мұң-мұқтажын тілшіміз Өзгеріс Қуанар жеткізеді.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Заря ауылындағы бұл үйлер 10 жыл бұрын бой көтерген. Баспанаға болашағы жоқ ауылдардан көшіп келген тұрғындар қоныстаныпты. Алайда,  үйдің сапасы көпшіліктің көңілінен шықпай отыр.

Гүлзейнеп Бәйтенова – бұл үйге қомақты қаржы жұмсап, жөндеу жасаған.  Алайда, үйдің қабырғалары көгеріп, түс қағаздары түсіп қалыпты. Қалған тұрғындар да "еңбегіміз еш кетті" деп ренжиді.

Гүлзейнеп БӘЙТЕНОВА, ЗАРЯ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

5 әйнек қыста түгел мұз болып қатады. Су тұрады осылай. Кладовкадан төбеден тоже су ағады. Каждый жыл біз осылай замазовить етеміз сыртын түгелін.

Назигүл АҚТАЖАНОВА, ЗАРЯ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жел болса, потолок көтеріледі, құм түседі. Стеналар жарылып жатыр, міне. Гипсокартонмен бөлінген. Төбеге шыға алмаймыз оңдауға.  6 жастағы бала да шыға алмайды. Құлап кетуі мүмкін.

Тұрғындардың айтуынша, кәріз жүйесінде де кемшілік көп. Лас су үйдің іргетасына құйылып жатыр – дейді.

Жаңылған АҒЗАМОВА, ЗАРЯ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің канализация дұрыс салынбаған. Үйдің жанынан бір жарым-ақ метр. Ана канализация тез толып қалады. Толып қалған кезде әлгі шыққан су бүкіл фундаментке ағады. Фундамент сыростан түсіп түсіп, құр тасы қалды. Енді бір екі жылдан соң үй де құлайтын шығар.

Тұрғындар үйдің сапасыз екенін айтып, әкімдікке талай мәрте шағымданған. Тек құрғақ уәдемен шығарып салады, әрекет жоқ дейді.  
 
Ал әкімдіктегілер   10 жыл бұрынғы жағдайға біз жаупа бермейміз деп ат-тондарын ала қашады.    

Серік БӨЛЕМІСОВ, ПАВЛОДАР АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Заря мен Бірліктің ортасында тұр 6 үй. Сол үйлерге сонда істедік біз. Бері қарай істенген жоқпыз. Неге? Сол кезде ұсыныс болған жоқ шығар. Қайдан білейін. Мен қазір айта алмаймын оны қанша уақыт кетті оған. Қазір келіп ұсыныс жасаса, оны келесі жылға жоспарлаймыз.   

Заря ауылындағы 10 үйді салуға  100 млн-ға жуық қаражат жұмсалған көрінеді.  Сапасыз үйді кім қабылдады дегенге де әкімдік өкілдері жауап бермеді.  2012 жылы ауданды Төлеген Бастенов басқарған. Ол осыдан 7 жыл бұрын қомақты көлемде пара алғаны үшін сотталып кетті.

Ө. Қуанар