Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Солтүстік Қазақстанның Шал ақын ауданында қой қырылды

AstanaTV
22.09.2022ж. 20:00
2001
Солтүстік Қазақстанның Шал ақын ауданында қой қырылды

Солтүстік Қазақстанның Шал ақын ауданында қой қырылды. Олар егінге арналған тыңайтқыштарды ішіп қойған.

Өрістен қайтқан мал  жеке шаруашылықтың ауласындағы тыңайтқышты су деп ішкен көрінеді. Сәлден соң түліктер бірінен кейін бірі құлай бастаған.  Жұрттың айтуынша, отар осы серіктестікке  тиесілі.     

СҚО ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ КРИВОЩЕКОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМДІГІ:

"Асыл логистикс" ЖШС жұмысшыларының жауапсыздығынан 34  қой қырылды. Бұл оқиға әлеуметтік желіде талқыланып, біраз сын айтылды. Кривощеков ауылы тұрғындарының  жеке малы зардап шеккен жоқ. Кәсіпорынға қатысты ешкім шағымданбаған.

А. Құрманкин