Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Маңғыстауда жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының кезекті отырысы өтті

AstanaTV
20.07.2016ж. 20:00
2075
Маңғыстауда жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының кезекті отырысы өтті

Жер реформасы Ақтауда «Нұр Отан» партиясының филиалында талқыланды. Арнайы комиссия барлық қалалар мен облыс аудандарында халыққа түсіндірме жұмыстарын аяқтады. Жер-жердегі халықтың пікірі мен ұсыныстары сараланып, Астананың қарауына ұсынылады.

Есмұрат Түзмағанбетов, Маңғыстау облысы жер қатынастары басқармасының жетекшісі:

Қазіргі кезде комиссия жұмысының нәтижесіне сәйкес күзге қарай заң нормасына енгізілген кезде Парламент қарауына ұсыну жоспарлануда. Сол кезде тиісті өзгерістер енеді деп ойлаймыз.

«Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалында жергілікті халықтың ұсыныстары талқыланды. Олардың кейбірі шетелдіктерге жерді жалға мүлдем беруге болмайды десе, енді бірі жалға берудің мерзімін қысқарту керек деген пікір айтты. Ал негізгі мәселе: ауыл шаруашылығы жерлерін қадағалауды ойластыру. Халық жердің де, одан алынатын өнімнің де сапасын қатаң бақылау керек деген ойда. Нұротандықтар комиссия мүшелерімен түсіндірме жұмыстарын одан әрі жалғастырмақ. 

Жәнібек Қожық, Маңғыстау облысының қоғам қайраткері:

Егер де жер мәселесінде ортақ шешімге келмесе, пікірталас сатылсын, сатылмасын, жерді шетелдікке берсін, берілмесін дейтін мәселеде ортақ пәтуаға келмесе, онда Президенттің өзі айтты, келесі жылы қаңтарда оны тағы да мораторийді ұзартуымыз мүмкін деп. Ал егер де шешілетін болса, шешіледі.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ