20-шы қараша күні өтетін, кезектен тыс Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды. Бұл науқан 11 қазанға дейін жалғаспақ. Президенттікке кандидат ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі болады. Ал, үміткерлерге қойылатын талаптар мынадай: Қазақстан азаматы болуы шарт. Соңғы 15 жылдан бері осы елде тұрғаны маңызды, білімі жоғары, әрі мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар, 40 жастан асқан азаматтар үміткер бола алады.
Шавкат ӨТЕМІСОВ, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Құжаттың толық топтамасы болған кезде Орталық сайлау комиссиясы оларды қарауға қабылдайды. Орталық сайлау комиссиясы көрсетілген құжаттар келіп түскен кезден бастап, уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу сұрау салулар жібереді. Бірінші ішкі істер министрлігіне. Президенттікке кандидаттың тумысынан ҚР азаматы болып табылатынын, Президенттікке кандидаттың соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұрғанын анықтау берілген.
Сонымен қатар, кандидаттар төлейтін жарна көлемі – 3 млн теңге. Олар ақшаны Орталық сайлау комиссиясының шотына аударуы тиіс. Кандитатарды ұсыну 11-қазан, кешкі сағат 6-ға дейін жалғасады. Одан кейін үгіт-насихат жұмыстары басталмақ.