$477.25 €500.25 ₽4.81
×

Жас сайлаушылар клубының алғашқы отырысы өтті

AstanaTV
23.09.2022ж. 20:00
811
Жас сайлаушылар клубының алғашқы отырысы өтті

Бүгін күні кеше құрылған Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубының бірінші отырысы өтті. Жиын "Жастар және сайлау" тақырыбында өрбіді. Клубтың негізгі мақсаты - жиналғандар назарын сайлаудың өзекті мәселелеріне аударып, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру. Отырысқа республикалық және өңірлік жастар ұйымдарының басшылары мен белсенділері, студенттер қатысты. Өзара пікір алмасып, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған белсенді өрендерді орталық комиссия төрағасы ынтымақ пен диалогқа шақырды.

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз үшін сайлау процесінің кең ауқымды мәселелері туралы сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз өте маңызды. Біз осындай ашық және сындарлы форматта жұмыс істеуге ниеттіміз. Сіздер біздің болашақ зиялы қауымсыздар. Осы клубтан жинаған тәжірибелеріңіз сіздерге депутат, әкім, не осы орталық сайлау комиссиясының мүшесі болуға көмектессе, әрине мен қуанар едім.

А. Базарбай