$517.45 €598.59 ₽6.58
×

"Ұлы Дала Жорығы" шабандоздары Жошы хан кесенесіне аялдады

AstanaTV
23.09.2022ж. 20:00
1503
"Ұлы Дала Жорығы" шабандоздары  Жошы хан кесенесіне аялдады

"Ұлы Дала Жорығы" бәйге марафонына қатысушылар   межеленген жолдың жартысына жуығын еңсерді. Бесінші күннің қорытындысы бойынша алғашқы үздік үштікте Ақтөбе командасы 43 сағат 46 минутта белгіленген межені жүріп өтсе, Шымкент қаласының шабандоздары 44 сағат 25 минутта мәреге екінші болып жетті. Ал Маңғыстау облысының командасы 44 сағат 39 минутта үшінші  боп келді. Бұл кезеңнің ерекшелігі, шабандоздар   100-ге жуық шақырым жүріп, Алаша хан мен Жошы хан кесенелеріне арнайы ат басын бұрды.

Ғабит ЕСІМБЕКОВ, «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» МАРАФОН-БӘЙГЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:


Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш санатындағы Жошы хан кесенесіне арнайы тоқтауды маршрутты сызған кезде жоспарладық. Бәйге-марафонға қатысушылардың Жошы хан есімін танып-білуі маңызды. Енді шабандоздар  оңтүстік өлкеге қарай бет алады.
 

А. Задабек