Adv pic
$474.47 €503.51 ₽4.88
×

Мемлекет басшысы Қазақстан құрамасының футболшыларын құттықтады

AstanaTV
23.09.2022ж. 20:01
846
Мемлекет басшысы Қазақстан құрамасының футболшыларын құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасының футболшыларын құттықтады. Жерлестеріміз  Ұлттар Лигасында тарихи жеңіске жетті. Тартысты ойында Беларусь құрамасын 2:1 нәтижесімен ұтып, топта көш бастады. 13 ұпаймен мерзімінен бұрын В лигасына жолдама алды.   

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!

Кездесу тартысқа толы болды. Алаң қожайындары алғашқы минуттан басымдықты қолда ұстады. Допқа көбірек иелік етті. Ұтымды шабуылдардың нәтижесін жанкүйерлер жарты сағат түгесілер тұста көрді. Ойынның 29-минутында қазақстандық Михаил Габышев есеп ашты. Бұдан кейін де қазақстандық футболшылардың  гол соғатын  бірнеше мүмкіндігі болды. Бірақ  оны пайдалана алған жоқ. Қарсыластар да қарап қалған жоқ. 45-минутта Беларусь футболшысы Павел Савицкий таразы басын теңестірді. Екінші таймда қос команда алма-кезек шабуылдады. Алаңғы тың ойыншыларын шығарды. Ойынның 79-минутында қазақстандық Бактиёр Зайнутдинов таблодағы көрсеткішті 2:1-ге жеткізді. Қонақтар есепті теңестіруге барын салды, жойқын соққылар жасады. Қақпашының шеберлігінің арқасында қорытынды есеп өзгермеді. Жанкүйерлердің қуанышында шек болған жоқ. Ойын аяқталғаннан соң да стадионда ұзақ тұрып, қошемет көрсетті.

Б. Сатуов