Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жамбыл облысы Шу ауданында атыс болып бір адам қаза тапты

AstanaTV
26.09.2022ж. 20:00
2228
Жамбыл облысы Шу ауданында атыс болып бір адам қаза тапты

Жамбыл облысында атыс болып бір адам қаза тапты.  Үш адам жарақаттанған.  Көлік сыртынан оқ жаудырған бұзақылар ұсталды. Бір күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Ол көрші елге қашып кетті деген болжам бар. Қанды оқиға Шу қаласында болған. Түнгі он екіден асқанда жол талғамайтын көлікке мінген бір топ жігіт  көшеде тұрған көлікке оқ жаудырған. Ондағы  төрт адам түрлі  жарақатпен аудандық ауруханаға түсті. Алған жарақатының ауырлығына байланысты бір адам жансақтау бөлімінде көз жұмды.  Полицеилер күдіктілерді қолға түсірді. Олардан  аңшы карабин мен   екі қару тіркіленіп, сот баллистикалық сараптамаға жіберілген. Қазір тергеу жүріп жатыр.  

Алмас САЛАМАТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Олардың екеуі 22 және 27 жастағы Шу қаласының тұрғындары уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.  Үшінші тұлғамен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Төртінші күдікті халықаралық іздеуге жарияланды.

Б. Жұмабайұлы