Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда есірткіге есірген көлік жүргізуші 15 күнге қамалды

AstanaTV
26.09.2022ж. 20:00
1429
Атырауда есірткіге есірген көлік жүргізуші 15 күнге қамалды

Атырауда есірткіге есіріп алып, көлік айдаған жүргізуші 15 күнге қамалды. Одан бөлек, өзінің де, өзгенің де басын қатерге тіккені үшін автокөлік тізгіндеуге 7 жылға тиым салынды. Қаладағы Азаттық даңғылы бойында Ваз маркалы автокөліктің жүрісі тәртіп сақшыларының күмәнін туғызған. Тексеріс кезінде 30 жастағы қала тұрғынының анаша шегіп алғаны анықталған. Айта кетейік, жүргізуші бұрын наркологиялық есепте тұрмаған. Айта кетейік, жыл басынан бері  мұнан өзге осындай есірткіге масаң күйде көлік тізгіндеген 5 жағдай тіркелген.

Дана ТІЛЕК, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдік тудырған ВАЗ автокөлігін патрульдік полиция қызметкерлері  тоқтатып тексеру барысында, яғни медициналық сараптамадан өткізу барысында  оның есірткі уытқұмарлық  масаң күйде екені анықталды.   Қазіргі уақытта автокөлік тұраққа қойылды.

Б. Надірқызы