Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Бас Прокуратура үндеу жасады

AstanaTV
26.09.2022ж. 20:00
2367
Бас Прокуратура үндеу жасады

Бас Прокуратура фейк-ақпараттарға қатысты үндеу жасап, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын ескертті. Әсіресе танымал тұлғалардың ұсталғаны туралы жекелеген блогерлердің деректеріне сенбеуге шақырады. Құзырлылар соңғы кезде әртүрлі әлеуметтік медиада түрлі тақырыптар бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кеткеніне алаңдаулы. Арандатушылық мәлімдемелер,  желі пайдаланушыларының ұлттық алауыздықты тудыратын белгілері бар комментарийімен қоса жүретінін айтты.

Жандос ӨМІРӘЛИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Нақты азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ бірқатар танымал адамдарды ұстау және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жалған хабарламалар жариялануда. Мұндай фейктік мәліметтер қоғамдық жалған пікірді қалыптастырып ғана қоймай, сонымен бірге қоғамдық тәртіпке де теріс әсер етуі әбден мүмкін. Осындай шынайылыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуды көбіне блогерлер қасақана, өздерінің және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін жүзеге асырады.

Ә. Дүкембаева