Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстан Запорожье және Херсон облыстарындағы референдумға қатысты ұстанымын білдірді

AstanaTV
26.09.2022ж. 20:00
1219
Қазақстан Запорожье және Херсон облыстарындағы референдумға қатысты ұстанымын білдірді

Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың теңдігі және бейбіт өмір сүру принциптерін қолдайды.   Сыртқы істер министрлігі Запорожье және Херсон облыстарында референдум өткізуге қатысты пікір білдірді. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан саяси диалог орнатуға жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыратынын атап өтті. Яғни, Қазақстан жаһандық деңгейде де тұрақтылықты сақтауды ең маңызды міндет деп санайды деді.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Мемлекет басшысы БҰҰ мінберінде сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығын тағы ескертті. Жарғыда БҰҰ мүше мемлекеттердің бейбітшілікті сақтау және мемлекеттердің аумақтық тұтастығын құрметтеу жауапкершілігі туралы айтылады.


Т. Әлжанов