Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Франциядағы терактіде қаза тапқан павлодарлықтардың денесі туған жеріне жеткізілді

AstanaTV
21.07.2016ж. 20:00
2124
Франциядағы терактіде қаза тапқан павлодарлықтардың денесі туған жеріне жеткізілді

Франциядағы теракт кезінде қаза тапқан павлодарлықтар туған жерге табытпен оралды. Бүгін Любовь, Марина және үш жасар Сильвия Панченколардың денесі Ницца-Париж-Алматы-Павлодар бағытындағы жолаушылар ұшағымен жеткізілді. Жолға кеткен бар шығынды Франция тарапы өз мойындарына алған. Мәйіт салынған табыттарды әуежайдан марқұмдардың жақындары мен жергілікті билік өкілдері қарсы алды. Панченколарды жерлеу рәсімі ертең белгіленген.

Еске салсақ, Любовь Панченко мен оның күйеуі Леонид Ниццада тұратын қызы Маринаға қонаққа барған. Ол қызы мен немересіне еріп, Ағылшын жағалауындағы отшашуды тамашалауға барып, оралмапты. Дәл сол күні аталған жағалауда ауыр көлік бірнеше адамды жайпап өтіп, оқ атқан болатын. Арада екі күн өткен соң Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 4 отандасымыздың лаңсектіктің құрбаны болғанын хабарлады.

Ал Ниццада қаза тапқан төртінші отандасымыз Наталья Отто, Қазақстан азаматшасы болғанымен, Бельгияда жерленетін болды. Қазақстандық дипломаттар оның мәйітін Андверпен қаласына жеткізу үшін Франция билігімен жұмыс істеп жатыр, - деді Сыртқы істер министрлігі өкілдері.  

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ