Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Иммигранттар туралы полицияға хабарлау керек

AstanaTV
27.09.2022ж. 20:00
1308
Иммигранттар туралы полицияға хабарлау керек

Елімізге соңғы бір аптада   98 мыңға жуық ресейлік келген.  Шетел азаматтарына орын беріп жатқан  қонақ үйлер мен пәтер иелері келушілер туралы Ішкі істер министрлігіне хабарлауға міндетті. Заңға бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Шетелдіктер туралы хабарлаудың үш тәсілі бар. Бірінші - электрондық визалық және көші-қон порталы арқылы тікелей хабарлау. vmp.gov.kz немесе egov.kz. Ол үшін қазақстандық тарапқа көшіп келушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы және паспорттағы деректері жеткілікті. Екіншісі - жауапты тұлға өз ауданы бойынша көші-қон қызметіне қоңырау шалуы керек. Үшінші – Apр Store немесе Play Market-тен e-Qonaq қосымшасы арқылы хабарлау. Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, Ресеймен шекаралас аймақтарда тәртіп бұзушылық тіркелмеген.  Шекарадан өту ережелерінде  өзгеріс жоқ.  Әзірге ұзынсонар кезек тек Ресей тарапында.  

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:
 
11 мың адам тіркеуден өтті. Қабылдап жатқан пәтер иелері, қонақ үй иелері 3 тәулекте мекемеге адамдар келіп тұрақтанып жатса, ресми түрле мәлімет беру керек. Өйткені ол берілмесе, әкімшілік құқық бұзушылықтың 518 бабы бойынша айыппұл.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері сондай-ақ, Қазақстан азаматтығын алуға қанша  ресейлік өтініш бергенін айтты. 1 сәуірден бері 93 мың ресейлік азамат Жеке Сәйкестендіру Нөмірін алған. Ал  64 мыңнан астам ресейлік Қазақстаннан кеткен.

Аслан АТАЛЫҚОВ, ҚР ІІМ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Тұруға ықтиярхат – 4271 , оның 116-сы этникалық қазақтар. Азаматтық алуға 441 адам өтініш білдірсе, оның 117-сі Ресейден келген этникалық қазақтар.