Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді" - Қ.Тоқаев

AstanaTV
27.09.2022ж. 20:00
1629
"Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді" - Қ.Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер жайлы пікір білдірді. Президент көрші елден келген азаматтарға көмек көрсетілетінін, бірақ ешқандай жеңілдік берілмейтінін айтты.   "Мұндай күрделі жағдайда ең алдымен адамгершілік, сабырлық, ұйымшылдық таныту керек. Алайда, жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі. Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек", - деді. Сондай-ақ, Президент Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіліп, бұл түйткілді мәселені еліміздің мүддесіне сай шешілетінін атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

"Қазақта "Көршімен татудың көңілі тоқ" деген сөз бар. Ең бастысы, іргелес елдермен тату болуымыз керек. Бұдан еш ұтылмаймыз. Соңғы күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады. Көпшілігі қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жатыр. Оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе. Осы мәселені мен Үкіметке тапсырдым".

А. Серік