Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Сауд Арабиясы қазақстандықтарға қажылық жасауды жеңілдетпек

AstanaTV
27.09.2022ж. 20:00
1305
Сауд Арабиясы қазақстандықтарға қажылық жасауды жеңілдетпек

Қазақстандықтар енді қажылық пен ұмра рәсімдерін сапалы  әрі ыңғайлы орындай алады.  Сауд Арабиясының қажылық және ұмра  министрлігі  Елордада воркшоп өткізіп, қазақстандықтар үшін қажылық жасаудың жаңа мүмкіндіктерін айтты. Туризм бағыттарын талқылап,  жаңа "НУСУК" платформасымен таныстырды.  Электрондық платформа қажыларға ақпарат пен қызметтердің кең спектрін ұсынады.  Сонымен қатар, ұсынылатын қызметтердің сапасын арттырып, келушілердің діни және мәдени тәжірибесін байытады,  дейді ұйымдастырушылар.  

Фахд ХАМИДАДИН, "НУСУК" ҰЙЫМЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:


Қазіргі таңда қр мен сауд арабиясы арасындағы туризм байланысы нығайып келеді. Бізде қазақ бизнесіне қолдау көрсетуге  өз үлесімізді қосу ниетіндеміз. Біз 3 бағытта халыққа қызмет көрсетеміз. туризм, қажылық және умраға саяхат жасауға болады. қазақстандықтардың көбі - мекке мен мәдина қаласын таңдайды.Былтыр 36000 адамға қажылық қызмет көрсетсек, алдағы уақытта бұл көрсеткішті ұлғайту жоспарда бар.

Күні кеше Сауд Арабиясы мен Қазақстан арасында туристік бағыттарды дамыту бойынша бірнеше меморандумға қол қойылды. Екі ел арасында әуе рейстері көбейеді.Авиакомпаниялар жолаушылар тасымалын аптасына 4-тен 8-ге дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл – Қазақстандағы «ашық аспан» режимі аясында жүзеге асырылмақ. Елдер арасындағы ынтымақтастықтың дамуына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үлесі зор. Бірнеше ай бұрын  Президент  Сауд Арабиясына  барып, Королдіктің жоғары басшысымен және іскер топ өкілдерімен кездесу өткізіп, туристік бағыттарды дамыту бойынша келісімдерге келді.