$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Тосыннан болған сынаққа сынбай, сындарлы сәтте бірлігіміз бекем болды

AstanaTV
28.09.2022ж. 20:00
1675
Тосыннан болған сынаққа сынбай, сындарлы сәтте бірлігіміз бекем болды

Апат айтып келмейді. Соңғы үш жылда елімізде жантүршігерлік жағдайлар, қасіретті оқиғалар аз болмады. Қандай да бір апат болмасын  санамыз сан-саққа жүгіріп, әлдекімнен әлдеқандай көмек күтетіні анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің басына іс түскенде бірге екендігін сан мәрте дәлелдеді. Барлық оқиғаның ортасында болды, жауаптыларға нақты тапсырма берді.

Арыс трагедиясы. Жарылыстар. Қираған қаладан қашқан халық. Арыспен бірге күңіренбеген жан қалмады. Қысылтаяң тұста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барды. Абдыраған көңілге басу айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ремонт бәрін жасап береміз. Үкімет ақшаны, қаражатты санайды, қанша керек... содан кейін қаражатты бөлеміз..Ремонт жасап береміз.

- Тем более күйеуім мүгедек, істей алмайм мен.

- Жақсы, түсініп отырмын. Бәрі дұрыс болады. Әдейі келіп отырмын.


Коронавирус індеті де елді есеңгіретті. Әдепкіде ауруханада төсек орны жетіспеді. Науқастар тыныс ала алмай, тәжтажалдың құрбанына айналды. Еркін жүріп тұруға тыйым салынды. Мемлекет басшысы жағдайға қарай байыппен қимылдап, ұтқыр шешімдер қабылдады. Табысынан айрылған азаматтарға қолдау көрсетілді. Кәсіпкерлердің салығына жеңілдік жасалды. Тиімділігін уақыт көрсетті.

Ерлан АХМЕДИ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Президенттікті перзенттік парыз деп түсінетін, елдің мұң мұқтажын түсінетін, жауапкершілікті түсінетін тұлғалар осындай қиын-қыстау заманда дұрыс шешім қабылдай алады. Тәжірибе және жауапкершілік деген түсінік. Президентіміз осы екі мәселеге тәжірибе мен жауапкершілікке сүйініп, нақты-нақты шешім қабылдаған болатын.  

Қыркүйекте Қостанайдағы орман өртке оранды. Қызыл жалын бой бермей апта бойы арпалысты. Жақын орналасқан ауылдардың  күлі көкке ұштты. Бұл жолы да Президент зардап шеккен халықпен бірге болды, оларды сабырға  шақырды.

Бұл -төтеннен келген апаттарды тізбектеп, жараның аузын тырнау емес. Тосыннан болған сынаққа сынбай, сындарлы сәтте бірліктің бекемдігін таныта білгенімізді дәріптеу.

Т. Әлжанов