Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» зауытында цехтың шатыр тақтасы опырылып, бір жұмысшы қаза тапты. Үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аймақтағы алып кәсіпорында бұл -жыл басынан бері адам өлімімен аяқталған төртінші жағдай. Бұл жолы мерт болған 58 жастағы азамат зауытта жұмыс істегеніне жиырма жылдан асқан. Қазір оқиғаға байланысты «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Құндыз БӨГЕНБАЕВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156 бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, еңбек инспекциясымен арнай тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
Б. Жұмабайұлы