$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанай облысындағы өртті сөндіруге атсалысқандар мемлекеттік наградалармен марапатталды

AstanaTV
29.09.2022ж. 20:00
1179
Қостанай облысындағы өртті сөндіруге атсалысқандар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қостанай облысындағы табиғи өртті сөндіруге атсалысқандар мемлекеттік наградалармен марапатталды.  20 адамның кеудесіне арнайы төсбелгі тағылды.  48 азамат Президенттің Алғысына ие болды. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес өрт сөндірушілерге, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің әскери қызметкерлеріне, сонымен қатар еріктілерге марапатты Төтенше жағдайлар министрі    табыстады. Оларға әскери және қызметтік борыштарын атқарудағы жанқиярлық қызметтері, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен батылдықтары үшін алғыс білдірді.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Құрметті әріптестер, өртті сөндіруге белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын.  Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық пен амандық, Қазақстанның игілігі үшін жұмыста жаңа табыстар тілеймін!

43 мың гектар аумақты шарпыған алапат өртті сөндіруге Ішкі істер, Қорғаныс, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, жергілікті әкімдіктердің, Қазақстан темір жолы күштері мен құралдары 2000-нан астам адам мен 225 техника жұмылдырылған еді. Солардың арасында 23 жасар Абай да бар. Еңбек жолын небәрі 3 жыл бұрын бастаған ол, өртке оранған орманға кіру қорқыныш тудырмады дейді.   

Абай МУСИН, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ Ш.ҚАБЫЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СТАРШИНАСЫ:


Осы болған жағдайды көрген кезде өзіңнің жаның ашиды адамдарға, орманға, табиғатқа деген біздің жанымыз ашиды. Сол үшін қорқыныш деген нәрсе болған жоқ, шынымды айтсам. +Бірінші күннен бастап күнде-күнде өзіміздің көмегімізді тигіздік. Ешкім шаршаған жоқ. Егер бізге айтса 10 күн болу керек болса, біз 10 күн болар едік. Өйткені бұл біздің парызымыз.

А. Базарбай