$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президенттікке бірінші кандидатты "Ауыл" партиясы ұсынды

AstanaTV
30.09.2022ж. 20:00
1580
Президенттікке бірінші кандидатты "Ауыл" партиясы ұсынды

Президенттікке алғашқы үміткер ұсынылды.  "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы кезектен тыс съез өткізіп,  Қазақстан президенттігіне Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын ұсынды. Жигули Дайрабаев -67 жаста. Ғалым, агроном.  2022 жылдың жазында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы жанындағы Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы болып сайланған. Дайрабаев оларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, бар күшін елдің өркендеуіне жұмсауға уәде берді.

Жигули ДАЙРАБАЙ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТ:


Қазір өзіміздің негізгі бағыт-бағдарымыз, платформамызды дайындаймыз. Мен "ауыл" партиясының саяси кеңесінің мүшелерімен де ақылдасамын.  Біздің алдымызда осы аралықтарда атқарылатын жұмыстар көп.   Менің негізгі мақсатым, әрбір қазақстандықтың бай-қуатты  жақсы өмір сүруі міндет.

А. Базарбай