$519.51 €611.83 ₽6.6
×

«Әр елдімекеннің өз дәрігері болу керек»,- «Miras» қоғамдық кеңесінің мүшесі

AstanaTV
30.09.2022ж. 20:00
1128
«Әр елдімекеннің өз дәрігері болу керек»,- «Miras» қоғамдық кеңесінің мүшесі

Еліміздің  жастары жаңа саяси тұғырнама жобасына барынша жауапкершілікпен қарауы тиіс.  «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесінің мүшелері де жаңа саяси тұғырнама жобасын жан-жақты талқылады. Бағдарламалық құжатта қазақстандық жастардың рөлі ерекше атап өтілген. «Мемлекет басшысы жас мамандарға үлкен үміт артады. Сондықтан олар өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға барынша күш салуы керек», - дейді қоғамдық кеңес мүшелері.

Бекбол РАМАЗАН, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Дәл осы тұғырнамадағы мына бір тарауға ерекше тоқталғым келіп отыр. «Азаматтық қоғам – дамудың кепілі» деген. Бұл бағытта «жастар ел болашағы, біз белсенді азаматтық ұстанымы бар жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын әрқашан қолдаймыз» деген. Тарауда жастар мәселесін көтеріп отырғандығын оқып, мен өз басым қатты қуанып отырмын.

Жиынға қатысушылар «құжат Қазақстанның қоғамдық күшін дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді»,- дейді. Сондай-ақ кеңес мүшелері өз ұсыныстарын   ортаға салды.

Ханкелді ӘБЖАНОВ, "MIRAS" ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
 
«Ұлттың денсаулығы» деген тарауша бар ғой. Соған мен мынандай қосар едім. Қазір елдімекендер бар бір дәрігері жоқ. Мен айтар едім, әр елдімекеннің, кем дегенде 500 адамы бар айтайық, өз дәрігері болу керек.

М. Жақан