Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Елордалық жасөспірімге «Қазақстан халқына» қоры экзоскелет алып берді

AstanaTV
30.09.2022ж. 20:00
1130
Елордалық жасөспірімге «Қазақстан халқына» қоры экзоскелет алып берді

«Қазақстан халқына» қоры сал ауруына шалдыққан елордалық Асылжан Сайлауға экзоскелет алып берді. Ол жақында 17-ге толады. Сондықтан бұл сыйды ерекше қабылдады.  "Туған күніме жасалған керемет тосынсый" болды дейді. Өмірінде орын алған қиындықтарға қарамастан, жеткіншектің рухы сынбаған. Арманы-кәсіби дизайнер болу.  Дәрігерлер енді бұл аппаратпен Асылжанның аяққа тұрып кетуге мүмкіндігі бар дейді. Құрылғы- отандық компания өнімі.   «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ақпаратынша, экзоскелеттермен қамтамасыз ету жөніндегі қайырымдылық бағдарламасы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған. Бағдарлама аясында 13 балаға 117 млн теңге көлемінде құрылғы сатып алынады: бір экзоскелеттің құны- 9 млн теңге.

Мейрам ҚАЛИЯСОВ, ҰЛТТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Экзоскелеттер -тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған заманауи, жоғары технологиялық оңалту құралдарының бірі. Сондай-ақ аурудың негізгі диагнозы аясында басқа асқынуларды болдырмауға көмектеседі. Асылжан осында 5 күн болды, өзгеріс кәдімгідей байқалады. Енді 2-3 жылдай айналысса, 60 процентке аяққа тұрып кету мүмкіндігі бар.

Меруерт ОМАРБЕКОВА, АСЫЛЖАННЫҢ АНАСЫ:


Экзосклетке отырмай тұрып, ходунокпен жүреді. Ходунокпен жүрген кезде қалай басылады солай кете береді. Мынау экзоскелет келгелі бері 5 күн кидік пе, 5 күнде аяқ жүрісі жүрген кезде жеңіл басады. Қимыл-қозғалысы жеңілдеген сияқты болды.

Ә. Дүкембаева