Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордада таеквондодан балалар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

AstanaTV
03.10.2022ж. 20:00
1523
Елордада таеквондодан балалар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Елордада таеквондодан республикалық чемпионат басталды. Ауқымды шара "Балалар жылына" орайластырылған. Биылғы доданың ерекшелігі сол, жарыс жас спортшыларға тегін ұйымдастырылып отыр. Жеңімпаздарды не күтеді? Толығырақ алдағы сюжетте.

Бас қалаға барлық өңірден мыңнан аса жас спортшы жиналды. Ең жасы 7 жаста болса, ал үлкені 11-де. Спортшылар таңмен таласа дене шынықтырып, өзара жеребе тастады. Жарысқа "Аманат" партиясының "Жастар рухы" қолдау білдіруде.    

Арсланбек МАҒЗҰМ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жасөспірімдер арасында республикалық турнир өткізгелі отырмыз. Оның басты мақсаты осы жастарды спортқа баулу. "Жастар рухы" жаңа ғана айтып кеткендей, барлық спорт түрлерін қолдаудамыз.

Шараға Қазақстан таеквондо федерациясы мұрындық болды. Олар жыл сайын ақылы өткізілетін біріншілік, биыл тегін өткізуді жөн көрген. Себебі турнирді балалар жылына арнайы ұйымдастырыған. Жеңімпаз атанған балалар таеквондодан Қазақстан құрамасының сапына алынатынын жеткізді.

Әділхан САҒЫНДЫҚОВ, ҚАЗАҚСТАН ТАЕКВОНДО (WT) ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

Бұл жарыс биыл өзіміздің Президентіміз атап кеткендей 2022 жылы Балалар жылы деп бекіткен болатын. Сол бағытқа байланысты біз өзіміздің осындай додамызды, Президенттің қойған бағытымен жұмыс атқарып жатырмыз. Енді бұл жарыстың қорытындысы бойынша үштікке ілінген спортшылар ұлттық құрама командаға бекітіледі.  

Сорттық дода ертеңде жалғасады. Шешуші кезең, яғни жеңімпаздар анықталмақ.

Б. Сатуов