$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қатерлі ісіктен жарты жыл ішінде жеті мың адам көз жұмды

AstanaTV
04.10.2022ж. 20:00
1917
Қатерлі ісіктен жарты жыл ішінде жеті мың адам көз жұмды

Жарты жыл ішінде 7 мың адам қатерлі ісіктің құрбаны болған. Онкологиялық ауруға шалдыққандар саны күннен күнге артып барады. Бір ғана Астанадағы арнайы орталыққа аптасына кем дегенде 10 науқас түседі. Айтпақшы, сүт безі обырымен тек әйелдер ғана ауырмайды. Ер адамдар да шалдығады екен.  

Астаналық Сергейдің қатерлі ісікпен күресіп жүргеніне 2 жылға жуықтаған. Қазір ол паллиативті орталықта ем алып жүр.    

Сергей ИНТУЩЕНКО, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осыдан 2 апта бұрын осы орталыққа келдім. Мидағы обырдың әсерінен ұмытшақтық жиі болады. Мидың дегенеративті аурулары асқынып осында жатқызды. Мұнда жағдайым жақсарып қалды, жақсы қарайды.

Бұл орталыққа аптасына кем дегенде 10 науқас түседі екен. Олардың арасында ем қабылдап жазылып кететіндер де бар. Бірақ олар некен саяқ. Көбінесе, дерті асқынғандар жатыр деді. Күніне үш науқасымыздан айрылып қалатын кездеріміз көп деп отыр.  

Ринат БАЙТАҚОВ, ОРТАЛЫҚТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Онкологиялық аурулар мен жүрек қан тамыр аурулары көбірек. Мысалы, 2021 жылы 13 мың 565 адам науқас република бойынша  көз жұмды. 2022 жылы алты айдың ішінде 7000 адам науқас. Аптасына кем дегенде 10-12 адам түседі.  

Ресми статистикаға сүйенсек, ел ішінде онкологияның өсімі жоғары. Дәрігерлер аты жаман дертке шалдыққандар жыл өткен сайын азаймай отырғанына алаңдаулы. Заманауи қондырғылардың арқасында ерте анықтау жолға қойылып келеді, - деді. Соған қарамастан  әйелдер арасындағы сүт безі обыры бойынша, Қазақстан 22 жыл бойы бірінші орыннан түспеген. Тіпті ерлер арасындағы сүт безі обыры кездесіп жүр. Оның себебін дәрігер түсіндірді.

Бақтыбай ОРАЗБЕКОВ, ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ЕМДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:


Еркектерде де подросток осы грудной железхасында гормонға тәуелді. Горманға тәуелді сүт безінде түйіндер пайда болады. Мысалы, 12-13 жастағы балаларда. Темекі мысалы өкпеге барады. Оны түсінуге болады. Өкпенің слезистыйын зақымдайды. Сосын ол ісік пайда болуы мүмкін. Ал молочная железа, желудок, пещевод басқа ағзаларда жаңағы темекі тартқан ол 30-40 процент себебі солар.

Ақ халаттылар, асқынбай тұрып, уақытында қаралса, онда ер адамдар сүт безі обыры ауруынан айыға алады. Бірақ көпшіліктің бұл аурудан хабары жоқ дейді. Сол себептен кейбіреуі уақыт өткізіп алатын көрінеді.  Жалпы, онкология - жас таңдамайды дейді дәрігерлер. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын қарастыруға кеңес береді.  

Ә. Дүкембаева