Жеке сектордағы жалға берілетін баспана нарығы тиісті түрде реттелмей жатыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі оны реттеу үшін, баспананы жалға беретін компаниялар құруды көздейді. Министр Қайырбек Өскенбаев бұл қызметті әкімшілік ресурспен реттеуге қарсы. Қазір нақты ұсыныстарды даярлап жатқандырын жеткізді. Айта кетейік, Президент Жолдауында министрліктің алдына бірқатар маңызды міндеттерді жүктеген еді. Оларды іске асыру үшін ведмоства басшысы, арнайы жобалар мен ұсыныстар беруге дайын екендерін айтты.
Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:
Осы орайда өзіміздің ұсыныстарымызды даярлап жатырмыз. Яғни жалға берілетін баспананың жеке нарығын құрып, бұл салаға инвестиция тартылып, жалға беруден тұрақты табыс алу жоспарланған. Бұл тұрғыда бизнеспен айналыспайтын мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер, дәрігерлер, педагогтер аталған компанияның акциясын сатып алу құқығына ие болуын ұсынып отырмыз. Осы кәсіпорын жылжымайтын мүлікке қаражат салып, баспананы жалға беруден төлем алып, ай сайын немесе әр тоқсанда адамдардың табысын қамтамасыз етуі тиіс
Б. Сатуов