$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«AMANAT»-тың саяси кеңес отырысында партияның жаңа саяси тұғырнамасының жобасы талқыланды

AstanaTV
05.10.2022ж. 20:00
1441
«AMANAT»-тың саяси кеңес отырысында партияның жаңа саяси тұғырнамасының жобасы талқыланды

Елордада өткен «AMANAT» партиясының саяси кеңесінде, жаңа Саяси тұғырнаманың жобасы талқыланды. Келелі жиынды «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов ашты. Ол осы жылдың сәуір айынан бастап партияның жаңа Саяси тұғырнамасын әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Оған саясаттанушылар мен сарапшылар тартылған. Сондай-ақ, партияның Саяси кеңесі отырысының қорытындысы бойынша, ертең яғни 6-шы қазанда Астанада өтетін «AMANAT»-тың кезектен тыс 24 съезінің күн тәртібі қабылданды.

Асхат ОРАЛОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Құжаттың жобасы бастауыш партия ұйымдарында, аймақтық және аумақтық филиалдарда жұртшылықпен бірге әлеуметтік желілермен бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланды. Мыңнан астам ұсыныс түсті."AMANAT"-тың жаңа саяси тұғырнамасы партиямыздың болашақ құндылықтары мен принциптерін толық қамтиды.

Б. Сатуов