«Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Адал сайлау үшін» штабы бүгін Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен, оқытушыларымен кездесті. Олар қарашада өтетін сайлауға жастарды атсалысуға шақырды. Жиында сайлау науқанына қатысты өзекті мәселелерде талқыланды. Айта кету керек, құрамы кәсіби заңгер, адвокаттардан тұратын штаб өз жұмысын өткен айда бастап кеткен еді.
Ермек ӘБДІРАСҰЛОВ, «АДАЛ САЙЛАУ ҮШІН» ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Адал сайлау дегеніміз не? Сондай түсінік беру халыққа. Екіншіден, өздеріңіз білесіздер, заң туралы конституциялық заң өте үлкен. Оған түсіндірме беру, оның нормаларына, оның ішіндегі принциптеріне, қалай жұмыс істеп жатыр. Адал өтуі үшін осы заң қалай іске асуы керек.
А. Задабек