Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

"Сабақ үстінде көз жұмған оқушы сырқат болған", - мектеп басшылығы

AstanaTV
05.10.2022ж. 20:00
2868
"Сабақ үстінде көз жұмған оқушы сырқат болған", - мектеп басшылығы

Оралда 10-шы сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды. Мектеп басшылығы баланың бұрыннан науқас екенін, арнайы есепте тұрғанын айтады. Бірінші ауысымда оқитын 15 жастағы Даниял өзге балалармен бірге сабақ басталғанша дәлізде жүрген. Кейін қоңырау соғылып, сыныпқа кірді дейді. Барлығы өз орындарына жайғасып, сабаққа дайындалып жатқан кезде жеткіншек ес-түссіз құлап түскен көрінеді.

Нұргүл ТАҢАТАРОВА, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ №10 МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ:

Жедел жәрдем шақырттық, медик шақырттық. Сосын жаңағы ата-анасына хабарластық, дәрі іше ме деп, мамасы қазір келемін деп айтты. Медик келгенше қасында болдық. Алғашқы жәрдем көрсетті. Сосын медиктер келгесін бізді шығарып жіберді.

Мамандар 40 минуттай ем-дом жасаған. Бірақ баланы ажалдан құтқарып қала алмады. Мектептегілер Даниял сабақты жақсы оқығанын, үлгілі тәртібімен көзге түскенін айтады.

Нұргүл БАЙҒАНАТОВА, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ №10 МЕКТЕПТІҢ МЕДБИКЕСІ:

Оқушы бізге 20-мектептен келген, биыл қыркүйекте келді. Учетта тұратын бала. «Паралич РВ» деген диагнозбен учетта тұрады. Ата-анасы жазда қаратқан, емін алған. Біз барынша көмек көрсеттік алғашқы көмекті. Көзінің қарашығын қарадым. Көзі қызарған, жасанды тыныс алдырып, жедел жәрдем келгенше сондай көмек көрсеттік.

Е. Карин