Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылордада жылу маусымы ерте басталды

AstanaTV
05.10.2022ж. 20:00
1355
Қызылордада жылу маусымы ерте басталды

Қызылордада жылу маусымы ерте басталды. Себебі биыл күн әдеттегіден ерте суытты. Қаладағы көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандарға бүгін-ертең толықтай жылу беріледі.

«Қызылорда оңтүстік жылу орталығы» көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандардың 25 процентін қамтиды. Мұнда қазір тіршілік қайнауда. Құбырларға жіберіліп жатқан судың температурасы, қысымы барлығы мамандардың жіті назарында.

Мейірбек ӘМІРБЕК, ҚЫЗЫЛОРДА ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖӨНДЕУ БОЙЫНША ШЕБЕРІ:

Бізде 7 қазандық бар. Оның 3-еуі қазіргі таңда жұмыс жасап тұр. 4-еуі резервте. Қазіргі кезде қалаға 50 градус жылу бердік. Күн салқындаған уақытта, атап өткенімдей 4 қазандық резервте тұр, соларды қосып, халыққа қажет температураны беруге дайынбыз.

Қаладағы 815 көпқабатты үйдің 700-ден астамы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Күн күрт суытқанда тұрғындар суық пәтерде бүрсеңдеп қалды. Жылу маусымын ерте бастаған жергілікті билікке олар дән риза.

Нұржан ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауа райының ерте суығаннан бастап үйлер де салқын болып кетті. Әсіресе, үйде балаларға қиын болатын еді. Биыл жылуды ерте беріп жатыр. Балаларға жақсы болып қалды, үйдің іші жылып.

Облыс орталығындағы жылу желілерінің ұзындығы 190 шақырымнан асады. Оның 75 проценті жаңаланған.

Дархан БАҚТИЯРОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тұрғындар арасында түсініспеушілік пайда болады кейбір жағдайларда. Қызылорда жылу орталығы жылуды өзінің үйіне дейін өжіреге дейін ғана жауап береді да, әрмен қарай тұрғындар өздерінің тиісті РИК, КСК-сымен жұмыс атқаруы керек. Сол жағдайды ескерсе дейміз.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, биылғы жылу маусымына қажетті отын қоры жеткілікті. Көмір үздіксіз жеткізіліп жатыр.

М. Тоқтасынқызы