Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ұлт жанашырларының мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді

AstanaTV
05.10.2022ж. 20:00
1788
Ұлт жанашырларының мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Парижде арнайы мәдени шаралар өтті. Оған қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар мен зерттеушілер қатысты. Олар Алаш арысының шығармаларын талқылады. Шым-шытырман өмір жолы мен қызметін суреттеген көрмені тамашалады. Сондай-ақ, "Қазақ өркениеті және Ахмет Байтұрсынұлы" атты бейнеролик көрсетілді. Шара барысында Ұлт ұстазының ағылшын тіліндегі жинағы таныстырылды.

Синь ЦЮЙ, ЮНЕСКО БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ мәдениетінде өшпес із қалдырған тұлға. Оған қазақ өркениеті, тілі мен мәдениеті үшін алғыс айтамын.

Францияның төрінде қазақ өнерінің жұлдызы Роза Бағланованы еске алу кеші де өтті. Күміс көмей әншінің 100 жылдығы - ЮНЕСКО бойынша айтулы күндер тізіміне енгізілген. Роза Бағланова өмірінің 70 жылынан астамын сахнада өткізген. Әлемнің 50-ден аса елін аралап, 25 тілде ән шырқаған өнер майталманы. ЮНЕСКО-ның штаб пәтері қолдау білдірген концертте ерекше дарын иесінің әндері шырқалды. Париждық тұрғандарды қазақ өнері тәнті етті.

Элеонора ВОССИ, МУЗЫКАЛЫҚ ТЕАТРДЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Сөзім жоқ, ғажап! Менің көргенім өте кәсіби, әсерлі, эмоционалды болды. Қойылым маған қатты әсер етті. Мен біздің театрдың көрермендері дәл осындай керемет қойылымды көргенін қалар едім.

Ә. Дүкембаева