$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Астанада азық-түлік бағасы шарықтап тұр

AstanaTV
22.07.2016ж. 20:00
2612
Астанада азық-түлік бағасы шарықтап тұр

Келесі аптада Астанада азық-түліктің шарықтап кеткен бағасы реттелуі мүмкін. Бұл жөнінде ірі сауда орталықтарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің құнымен танысқан шаһар басшысы Әсет Есекешов айтты. Ол ұлттық экономика министрімен бірлесе отырып, бағаны реттеу жұмыстарын кешеден бастап қолға алғанын мәлімдеді. Шенеуніктер бағаны негізсіз өсіргендермен күрес жүргізетіндерін қатаң ескертті.

Әсет Исекешов, Астана қаласының әкімі:

Әрине, бағаның өсуі өте өзекті. Сондықтан біз ұлттық экономика министрімен ақылдасып, тиісті шараларды атқарып жатырмыз. Кеше қаланың ең ірі тауар өндірушілерін шақыртып алып, кеңескен болатынбыз. Нәтижесін дүйсенбі күні көресіздер деп ойлаймын.

Ал, қалалық әкімдік азық-түлік бағасының негізсіз көтерілуін байқаған жағдайда міндетті түрде хабардар етуді сұрады. Өйткені әкімдіктің барлық дүкендерде рейд жүргізуге қауқары жетпейді, - деді қала әкімінің орынбасары.

Бүгінде бас шаһарда азық-түліктің 21 түріне баға шарықтап тұр. Андрей Лукин «бұл тауар өндірушілердің шикізат құнын қымбаттатқанымен байланысты» дейді. Қалада нан, қант, күнбағыс майы, жұмыртқа, тауық еті, шай, күріштің құны өскен. Бағаны ұстап тұру үшін апта сайын өткен жәрмеңкелер енді күн сайын ұйымдастырылмақ.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА