Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Келер жылдан бастап «ҚазАгро» арқылы ауылдағы шаруаларға берілетін несиенің пайызы төмендемек

AstanaTV
22.07.2016ж. 20:00
2257
Келер жылдан бастап «ҚазАгро» арқылы ауылдағы шаруаларға берілетін несиенің пайызы төмендемек

Келер жылдан бастап «ҚазАгро» арқылы ауылдағы шаруаларға берілетін несиенің пайызы төмендемек. Бұл туралы холдингінің төрағасы Нұрлыбек Малелов мәлімдеді.

Биыл егін егу мен орақ науқанын қаржыландыру үшін «ҚазАгроға» бюджеттен 60 млрд теңге бөлінген. Бұл соманың 36 миллиарды ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыруға жұмсалмақ. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен астықты форвардтық сатып алуға 15 жарым млрд бөлінген. Ал екінші деңгейлі банктер арқылы аймақтағы астық кооперативтерін қаржыландыруға 8,6 млрд теңге қаралған.

Нұрлыбек Малелов, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі АҚ төрағасы: 

Қазіргі берген ставкаларымыз - АКК ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 5 пайыз. Банктерге 7,41 пайыз. Бірақ қазір Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, біз баға қалыптастыруды қарап отырмыз. Келесі жылға төлемақысы, пайыздар төмендетілетін болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ