$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мектеп директоры өз отбасын ойрандаған

AstanaTV
10.10.2022ж. 20:00
2473
Мектеп директоры өз отбасын ойрандаған

Ақтөбе облысындағы Аққайтым орта мектебінің директоры өз отбасын ойрандады. Тұрмыстық жанжал кезінде әйелі мен сегіз жастағы қызына бірнеше жерден пышақ салған. Жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оны полиция анықтамақ. Күдікті сол күні қамауға алынған.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ақтөбе облыстық Шалқар аудандық ПБ ҚР ҚК 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 37 жастағы күдікті анықталып, ол қамауға алынды.

Отбасында екі қыз бала бар. Үлкені 8, кішісі 1 жарым жаста. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, «Адам өлтіруге оқталу» бабымен күдікті Жаңақоныс ауылындағы мектепте сәуір айында директор болып тағайындалып, артынша көшіп келген. Бұған дейін Шалқар аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет істеген.

Жолдас БАТЫРХАН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

2022 жылдың сәуір айына дейін аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет атқарды. Сәуір айынан бастап мектеп директоры болып тағайындалды. Осы жылдың қазан айының 6-нан бастап қызметінен босатылды.

Б. Рахметова