Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Шымкентте анасы мен мектеп жасындағы қызын көлік қақты

AstanaTV
10.10.2022ж. 20:00
1316
Шымкентте анасы мен мектеп жасындағы қызын көлік қақты

Шымкентте жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан анасы мен мектеп жасындағы қызын көлік қағып, қаза тапты. Жол апаты тамақтану орындарының бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Куәгерлер жеңіл автокөліктің тым жоғары жылдамдықпен келгенін айтады.

Бақыт ҚОЗЫБАҚОВ, КУӘГЕР:

Жәй келгенде ондай жағдай болмайды ғой, қатты келген. Кемі 100-дің үстінде келді ол машина. Өйткені адамдарды почти 100 метрге дейін ұшырып жіберген. Үйіндегілердің айтуы бойынша, больницаға кетіп бара жатқан. Шешесі мен қызы.

Полиция дерегінше «Mitsubishi Pajero» автокөлігінің жүргізушісі 24 жаста. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

А. Төребекқызы