Отандық
бизнесвумендердің өнімдері дүкен сөресінде сатылатын болады. Бүгін іскер
әйелдер мен сауда орталығы арасында осындай келісім жасалды. Ол Әйелдер
кәсіпкерлігін қолдау мемлекеттік-әлеуметтік бағдарламалары арқасында жүзеге
асты. Бұл - жұмыссыз отырған қыз-келіншектерді жұмыспен қамту жобасы аясындағы
алғашқы әлеуметтік бағдарлама. Бүгінде кеңейіп, өндірістік деңгейге шыққан.
Еліміздің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің
мәліметінше, жұмысқа жарамды қазақстандықтардың 49 пайызы - нәзік жандылар. Ал
кәсіпкерлер саны жыл сайын артып отыр. Ең белсенді әйелдер Астана мен Алматы
қалаларында. Іскер қыз-келіншектерге қолдау көрсету форумында, елімізде кәсіпкер
ерлерден әйелдер көп, деген дерек келтірілді. Сондай-ақ шалғай ауылдарда
жұмыссыз отырған, жеке кәсіп ашуға ниетті қыз-келіншектерге кәсіпкер атанудың
мемлекеттік-әлеуметтік механизмдері таныстырылды. Осы бағдарлама аясында мектеп
жанында ашылған шағын ғана бақша бүгін үлкейіп, Астана нарығына шықты.
Ирина
Немцан, «Ақ бота» қоғамдық қорының белсендісі:
Алғашқыда
бағымыз әлеуметтік жоба ретінде басталды. Ешқандай табыс әкелген жоқ. Қазір
енді үлкен жылыжай салмақшымыз. Астананың сауда орталықтарына органикалық
көкөніс жеткізу жоспарымыз бар. Алғашқы тапсырыстар бар.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ