$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Отандық кәсіпкер әйелдердің өнімдері Астана дүкендерінде сатылады

AstanaTV
12.04.2016ж. 20:00
2564
Отандық кәсіпкер әйелдердің өнімдері Астана дүкендерінде сатылады

Отандық бизнесвумендердің өнімдері дүкен сөресінде сатылатын болады. Бүгін іскер әйелдер мен сауда орталығы арасында осындай келісім жасалды. Ол Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мемлекеттік-әлеуметтік бағдарламалары арқасында жүзеге асты. Бұл - жұмыссыз отырған қыз-келіншектерді жұмыспен қамту жобасы аясындағы алғашқы әлеуметтік бағдарлама. Бүгінде кеңейіп, өндірістік деңгейге шыққан.

Еліміздің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, жұмысқа жарамды қазақстандықтардың 49 пайызы - нәзік жандылар. Ал кәсіпкерлер саны жыл сайын артып отыр. Ең белсенді әйелдер Астана мен Алматы қалаларында. Іскер қыз-келіншектерге қолдау көрсету форумында, елімізде кәсіпкер ерлерден әйелдер көп, деген дерек келтірілді. Сондай-ақ шалғай ауылдарда жұмыссыз отырған, жеке кәсіп ашуға ниетті қыз-келіншектерге кәсіпкер атанудың мемлекеттік-әлеуметтік механизмдері таныстырылды. Осы бағдарлама аясында мектеп жанында ашылған шағын ғана бақша бүгін үлкейіп, Астана нарығына шықты.

Ирина Немцан, «Ақ бота» қоғамдық қорының белсендісі:

Алғашқыда бағымыз әлеуметтік жоба ретінде басталды. Ешқандай табыс әкелген жоқ. Қазір енді үлкен жылыжай салмақшымыз. Астананың сауда орталықтарына органикалық көкөніс жеткізу жоспарымыз бар. Алғашқы тапсырыстар бар. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ