$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

AstanaTV
11.10.2022ж. 20:00
2252
Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Өзіңіздің сайлау учаскеңізді қалай білуге болады? Астаналықтар үшін оның үш жолы бар. Үйден шықпай-ақ, жеке сәйкестендіру нөмеріңіз арқылы дауыс беру орныңызды анықтай аласыз.

Рабиға БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Сайлауға 1 ай 9 күн уақыт қалды. Сіз еліміз үшін маңызды күні қай сайлау учаскесіне барып, таңдау жасайсыз? Егер оны білмесеңіз, Астана қаласының әкімдігі үш жол ұсынады. Бірінші, sailau.astana.kz сайтына кіресіз. Жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, табу батырмасын басасыз. Сізге қажетті барлық ақпарат экран бетіне шығады.

Тағы бір тәсіл - @sailau_astana_bot телеграм каналы. Мұнда сайлау құқы бар азаматқа қажетті ақпарат жетерлік. Егер сіз, Қазақстан азаматы болсаңыз, сайлауға дейін 18-жасқа толсаңыз, дауыс беру құқығы бар азамат ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатыса аласыз. Телеграм боттағы алгоритм Астана қаласы әкімдігінің сайтында да көрсетілген. Ал, сайлау учаскесін анықтап беретін үшінші тәсіл тіпті интернетті қажет етпейді. IKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмеріне қоңырау шалып, оператордан өзіңізге қажетті ақпаратты алуға болады. Бірақ,ескерер жайт, Астана қаласында тіркелмеген болсаңыз сайлау учаскеңіз көрсетілмейді. Егер, азамат елордада тұрып, басқа қалада тіркелген болса, онда арнайы мекеменің көмегіне жүгінуі керек.

Кезектен тыс Президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Еліміздің бірлігі мен тұтастығын көрсететін саяси науқанға атсалысу, өз таңдауын жасау- әр адамның азаматтық міндеті. Әр дауыс-маңызды!

Р. Бақытжанқызы