$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылордада мемлекеттік қызметшілер субсидия қаржысын жымқырған

AstanaTV
11.10.2022ж. 20:00
1732
Қызылордада мемлекеттік қызметшілер субсидия қаржысын жымқырған

Қызылордада ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы мен маманы инвестициялық субсидия қаражатын жымқырған. Облыстық соттың мәліметінше, олар 14 шаруа қожалықта атқарылмаған жұмыстарға көз жұма қараған. Жалған электронды құжаттарды ақпараттық бағдарламаға енгізген. Соның салдарынан мемлекетке 22 млн.теңгеден аса шығын келген. Міндеттеріне ұқыпсыз қараған басқарманың қос қызметкеріне 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар олар 3 жыл көлемінде лауазымды қызметтерді атқарудан шеттетілген.

Ермек ҚҰТЫБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Мемлекетке оның 12 млн. 800 мың теңгесі 8 шаруа қожалық бойынша кері қайтарылған. Алайда, 9 млн. 600 мың теңгесі өндірілмеген. Бұлардың жасаған қылмыстары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңының талабына сәйкес, ол заң, аталған бап, мұндай жасалған қылмыстар бойынша қолданылу көзделген.

М. Тоқтасынқызы