Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Түркістан облысында жазда суға кеткен үндістандық студенттердің бірінің мәйіті табылды

AstanaTV
11.10.2022ж. 20:00
1522
Түркістан облысында жазда суға кеткен үндістандық студенттердің бірінің мәйіті табылды

Түркістан облысында суға кеткен үндістандық екі студенттің бірінің мәйіті табылды. Шетелдік жастың денесі 3 жарым айдан соң Ақсу өзенінен шықты.

Дәурен ТАУБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Ханарық елдімекенінің солтүстік беткейінде Ақсу шатқалының суға шомылған кезде 1,5 шақырым жерден бір мәйіт табылды. Қазіргі таңда мәйіттің аты-жөнін анықтау мақсатында полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының 21 студенті 26-маусым күні Төлеби ауданына саяхатқа шыққан. Барлығы - үндістандықтар. Әлеуметтік желіде жастардың видеосы тараған болатын. Ойнап жүріп, достарының біреуінің суға тұншығып жатқанын олар кеш байқаған. Оны құтқарам деп ұмтылған жігітті де ұйық тартып кеткен болатын. Төтеншеліктер екінші студенттің денесін әлі іздестіріп жатыр.

А. Төребекқызы