Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 10 млрд долларға жетеді. Бұл туралы Ақордада өтіп жатқан екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысында айтылды. Қос тарап жиында өзара ынтымақтастық пен дипломатиялық қарым-қатынасты нығайту мәселелерін қарады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия арасындағы Транскаспий дәлізін дамыту жайын талқылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас ел басшысын елорда әуежайында күтіп алды. Ердоған Қазақстанға жарымен бірге келген.
Мұнан соң Түркия президентінің кортежі Ақордаға бет алды. Онда құрметті қонаққа сән-салтанатпен ілтипат көрсетілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені үшін ризашылығын жеткізді.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Екі елдің ынтымақтастығына үлкен серпін береді деп ойлаймын. Біз Түркиямен тең дәрежедегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мен береміз. Бұл менің ерекше назарымда. Кездесуіміздің күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасып, уағдаластыққа қол жеткіземіз деп ойлаймын.
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған да Қасым-Жомарт Тоқаевқа мамыр айында Түркияға мемлекеттік сапары мен Нью-Йорктегі екіжақты кездесуден кейін қайтадан жүздесіп отырғанына қуанышты екенін атап өтіп, қонақжайлығы үшін алғыс айтты. Елдер арасындағы қарым-қатынас онан сайын нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.
Режеп Тайып ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:
Қазақстан экономикасын әртараптандыруға біз әрдайым атсалысып келеміз. Халықты жұмыспен қамтуға байланысты бастамаларыңызға біздің компаниялар да өз үлесін қосатынына сенімдімін. Біз сауда айналымын қысқа мерзімде 5 миллиард, орта мерзімде 10 миллиард долларға жеткізуге келіскен болатынбыз. Әзірге бәрі жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді. Көлік-логистика саласындағы ынтымақтастығымыз біздің орта мерзімге жоспарлаған межемізге тез жетуге мүмкіндік береді. Каспийдің маңызы артып келеді.
Қасым-Жомарт, ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалды ұлғайтуға екі ел де мүдделі. Өңірдегі тұрақтылықты сақтау үшін бұл стратегиялық жобаның зор маңызы бар. Биыл 7 айда осы бағыт арқылы тасымалданатын жүк көлемі 2,5 есеге артып, 1 млн тоннаға жетті. Осы ретте мемлекеттеріміздің ортақ дәлізді дамытуы қазір өте маңызды.
Түркия компаниялары еліміздің кен орындарын игеруге қызығушылық танытып отыр. Қазір елімізде 9 зауыт салып жатыр. 3 -і биыл жыл соңына дейін ашылады. Қазақстаннан Каспийдің үстімен Әзербайжан, Грузия арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Агроөнеркәсіп саласы бойынша да ауқымды жоспарлар бар. Бауырлас мемлекет елімізге қомақты қаржы әкелуге ниетті.
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
Қазіргі таңда бізде 5 ірі жоба қарастырылып жатыр. Ол түркиялық инфесторлар біз мынау агро өнеркәсіп кешеніне инвеститция салмақшы болып жатыр. Оның ішінде ірі-ірі жобалар бар. Біз 200 млн доллардан астам инвестицияны күтіп отырмыз.
Түркия Президенті жаһандық және аймақтық тұрақсыздық белең алған шақта түркі мемлекеттерінің ынтымағын одан әрі нығайту қажет екенін, сондықтан стратегиялық серіктес әрі бауырлас ел Қазақстанның қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, территориялық тұтастығына және экономикалық әл-ауқатының жақсаруына айрықша мән беретінін жеткізді.
Режеп Тайып ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:
Түркияға мемлекеттік сапарыңыз барысында қол қойылған 14 ынтымақтастық туралы құжат пен ортақ декларация қарым-қатынасымызға тың серпін берді. Бүгін осы келісімдерге қосымша жаңа құжаттар қосылады.
Сарапшылар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас осылай жалғаса берсе, әріптестік ынтымақтастық тағы бір жоғары деңгейге көтерілді деп санайды.
Риззат ЕЛЮБАЕВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ:
Қазіргі таңда Қазақстан республикасы мен Түркия республикасының арасындағы қарым-қатынас жаңа бір деңгейге шығады деген сенім бар. Өйткені соңғы 30 жылда біздің екі ел арасындағы сауда-саттықтың өзі 30млн АҚШ долларынан 30 млрд-қа дейін өскен еді. Бұның барлығы бүгінгі таңдағы екі ел бірін-біріндегі қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге деген ілтипатының бар екенін көрсетіп отыр.
Келіссөзден кейін Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына байланысты Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Cондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ
Биыл Қазақстан мен Түкрияның дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл. Соңғы 16 жылда Түркиядан Қазақстанға 5 млрд-долларга қа жуық инвестиция тартылған. Қос тарап бұл көрсеткішті екі есе арттыруга ниетті. Мемлекет басшысы Түркияға жасаған іс-сапарында саяси, экономикалық, сауда, қорғаныс және өзгеде өзекті салаларда әріптестік қатынасты нығайтуға уағдаласуға қол жеткізген еді. Енді бүгін Ердоғанның елордаға келуі екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты тағы бір сатыға көтермек.
Б. Сатуов