Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қыркүйекте қазақстандықтар 2 млрд доллар сатып алған

AstanaTV
12.10.2022ж. 20:00
965
Қыркүйекте қазақстандықтар 2 млрд доллар сатып алған

Доллар бағамы тағы 2,6 теңгеге көтерілді. Елімізде доллар саудасы қызды. Соңғы бір айда банктер, бизнесмендер 11,3 млрд доллар сатып алған. Ұлттық банк өкілдері бұған не дейді? Сарапшылар пікірі қандай?

Теңге-доллар саудасы бір айда 10,5 процентке артқан. Қазір айналым -11,3 млрд доллар. Ұлттық банктің мәліметінше, жұрт биыл маусым айында – 91 млрд теңгеге, шілдеде – 125 млрд теңгеге, тамызда – 192,6 млрд теңгеге АҚШ долларын сатып алған. Ал қыркүйекте 2 миллиард доллар сатылған. Әдетте долларға сұраныс жазда артатын дейді сарапшылар. Себебі, жұрт демалысқа барады, өзге елге саяхаттайды. Ал бұл жолы бәрі басқаша. Жұрт қолда барын долларға айналдыруға тырысуда.

Қолдағы бар қаражатты доллармен сақтауды сарапшылар да дұрыс деп санайды. Себебі, теңгенің құнсыздану ықтималдылығы жоғары дейді.

Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ:

Қазақстанға келіп жатқан тауарлардың басым бөлігі шетелдік импорттық тауарлар болғандығы. Көршілес Ресейден әрбір екінші тауарымыз келіп жатқандығы. Үшіншіден қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекелестікке төтеп бере алмағандығында. Осындай факторлардың барлығы айналып келген кезде қазақстандықтардың төл теңгемізден гөрі басқа мынау шетелдік валюталарға долларға, евроға деген сенімнің артуына алып келіп отыр.

Қолданыстағы заң жеке тұлғаларға қолма-қол валютамен айырбастау операцияларын жүргізуге шектеу қоя алмайды. Ұлттық банк мәліметінше сұраныс пен ұсынысқа қарап, қаржы ұйымдары өз бетінше шешім қабылдайтын көрінеді. Ал, теңгенің құнсыздануына қатысты мынадай пікірде.

ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ:

Ұлттық Банк экономикада құрылымдық өзгерістер жасау және айырбастау бағамының еркін жүзу қағидаттарын ұстанады. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, белгілі бір бағамды ұстану қысқа мерзімді тұрақтылықты тудырғандай әсер береді, ал оны ұзақ уақыт жасанды жолмен ұстап тұру тек алтын-валюта қорының арқасында ғана мүмкін болмақ. Ондай кезде ұлттық валюта бағамын девальвациялауға мәжбүр етеді. Ұлттық Банк белгіленген бағамға көшу мәселесін қарастырмайды.

Долларға қатысты алдын ала қандай да бір болжам жасау мүмкін емес. Ал алтын-валюта әрдайым құнды дейді қаржылық ұйым өкілдері.

Р. Бақытжанқызы