Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Мексикалықтар соңғы екі күнде қос қаланың мэрін атып өлтірді

AstanaTV
25.07.2016ж. 20:00
2186
Мексикалықтар соңғы екі күнде қос қаланың мэрін атып өлтірді

Мексикалықтар әкім шыдатар емес. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, елде соңғы екі күнде қос қаланың мэрі есірткі саудагерлерінің қолынан қаза тапқан. Сьюдад-Альтамирано шаҺарын басқарған Амброзио Сото есімді азамат күні кеше оққа ұшты. Жергілікті ақпарат құралдары оның есірткі саудасына тікелей қатысы болғанын меңзейді.

Екінші оқиға Сан-Мигель-Чамула қаласында болды. Жергілікті халық отандық шағын кәсіпкерлерге 100 млн песо бөлуді талап етіп, көңілдерінен шықпаған мэрді қала әкімішілігінің қабырғасына тіреп тұрып атып тастаған. Бастығына оның оққағарлары да араша түсе алмаса керек.

Соңғы он жылда Мексикада 75 қала басшысы халық қолынан қаза тапты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ