«AMANAT» партиясының мүшелері, алдағы президент сайлауы елдің болашағын айқындайды дейді. Сондықтан көпшілік оған үлкен үміт артып отырғанын айтады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында съез делегаттары жұртшылықпен кездесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция форумының қорытындысын талқылаған. Сол кезде көпшілік алдағы сайлаудың ел үшін ерекше маңызды екенін айтып, Қазақстан тарихындағы маңызды саяси қадам екеніне сенім білдірді дейді.
Ә. Дүкембаева