Астанада такси жүргізушісі есірткі сатумен айналысқан. Полицейлер көлікті тінту барысында 200 грамм есірткі тәркіледі. «Lada Granta» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі қаладағы «Қапал» көшесінде ұсталды. Ол өзіне назар аудартпас үшін такси көлігін жалға алған көрінеді. Бірақ, адам тасымалымен айналыспаған. Тек тыйым салынған заттарды сатқан.
Эльмира ШӘУЛЕНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Ұсталғандар кінәсін мойындады. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 250 килограммнан астам есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде 34 килограммы- синтетикалық есірткі. Былтырғы жылы осы уақытта заңсыз айналымнан 139 килограмм есірткі зат алынған болатын.
Р. Бақытжанқызы