Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматыда үйге кіріп кеткен автобус жүргізушісі әлі ес жимаған

AstanaTV
13.10.2022ж. 20:00
1695
Алматыда үйге кіріп кеткен автобус жүргізушісі әлі ес жимаған

Алматыда тұрғын үйге кіріп кеткен автобустың жүргізушісі әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Ал, оның отбасы жол апатына көліктегі ақау себеп болды дейді. Өйткені денсаулығынан кінәрат табылмаған. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қоғамдық көлік, жолаушыларымен бірге жеке тұрған үйге соғылған. Автобус тізгіндеген Руслан Мұрынов, 4 баланың әкесі, отбасының жалғыз асыраушысы. Қазір ауруханада, есін жимаған. Автопарк өкілдері апатты жүргізуші денсаулығының кенеттен сыр беруімен байланыстырған болатын. 20 жылдық тәжірбиесі бар жүргізушінің жанұясы мұнымен келіспейді.

Анар ЕЛШІМБАЕВА, ЖҰБАЙЫ:

Мықты болған денсаулығы. Ешқашан қыңқ етпеген жүрегім деп, басым деп. Басында КТ түсірдік. Инсульт жоқ. Жүрегін де түсірдік, инфаркт жоқ. Бастықтардың айтқаны өтірік. Именно тормызы ұстамаған деген достарының чатта айтқандары да бар. Неисправный болған дейді.

Автопарк басшылығы болса, автобуста техникалық ақау болды дегенді жоққа шығарып әлек. Автобус бағытқа шықпай тұрып, толық тексерістен өткенін айтады. Алдағы уақытта қоғамдық көлікке қосымша техникалық сараптама тағайындалатынын жеткізді.

Шыңғыс БАЙҚАДАМОВ, «ОЛЖАС LTD» ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Бұзылған автобус деп айта алмаймын. Неге десеңіз, оның бәрін кезекші мехник шығар кезде тексереді. Тормозын, рулевой управлениесін, дөңгелектерін. Бәрі нәрсе әділетті болсын дейіз. Біреуге жала жауып, өзіміздің жауапкершілігімізден қашып кетеміз деп отырған ешкім жоқ.

М. Жақан