Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қостанайлық кәсіпкерлер жүк вагондарының тапшылығынан тығырыққа тіреліп отыр

AstanaTV
14.10.2022ж. 20:00
1362
Қостанайлық кәсіпкерлер жүк вагондарының тапшылығынан тығырыққа тіреліп отыр

Қостанайлық кәсіпкерлер вагон тапшылығына тап болып отыр. Астықты өлкедегі мәселенің мәнісін білу үшін астанадан арнайы топ келді. Теміржолдағы түйткіл екі жылдан бері шешілмей келеді. Соның салдарынан қыруар шығынға ұшырап отырмыз дейді кәсіпкерлер. Жүк вагондарының жетіспеушілігімен қоса экспорт құны да еселеніп 700 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін қымбаттап кеткен. Шойын арбаның тапшылығынан кейбір кәсіпорындар жұмысын тоқтатса, тағы біреулері қаңтарылған вагондардың тәулігіне қомақты ақша төлеуге мәжбүр.

Виктория РАХАЛИЕВА, ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Жеке операторлар Қазақстан Темір жолымен келісе алмай келеді. Соның зардабын біз тартып отырмыз. Қыруар шығынға баттық. Қаңтарылып тұрған вагондар үшін қомақты ақша төлейміз. Тәулігіне 15 мыңнан 18 мың теңгеге дейін.

Шойын арбадан шыққан шу ҚТЖ-ның бас кеңсесіне де жеткен сыңайлы. Елордадан келген арнайы жұмыс тобы апта бойы тараптармен кездесу өткізіп, мәселені талқылады. Жүк тасымалындағы түйткілдің геосаяси жағдайға да байланысты ушыққаны рас. Бірақ жергілікті жерлерде оңтайлы шешу жолдарын қарастырып, Қостанай бөлімшесінің жұмысын жүйелі жолға қойдық дейді жүк тасымалына жауапты басшылар.

Марлен КӨКІРЕКБАЕВ, «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мәселелер шешілді. Оның ішінде локомотив жағынан. Екіншіден, мына жақта бізде жолдар жабық болған. Соны тездетіп жөндеулерін өткізу. Оны дер кезінде өткізіп, соны жасадық та. Одан басқа станцияның жұмысындағы құжаттарында қалай дұрыс жұмыс істейтін нақтылап көрсетіп кеттік.

З. Санай