Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қазақстандағы Түркия елшісі Бішкекте мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырылуы мүмкін екенін растады

AstanaTV
29.07.2016ж. 20:00
2903
Қазақстандағы Түркия елшісі Бішкекте мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырылуы мүмкін екенін растады

Қазақстандағы Түркияның елшісі Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екендігін растады. Біздің арна тілшілеріне жауап берген Невзат Уянык мұндай қауіп бар деді. Дипломаттың сөзінше, Түркия оппозиционері Фетуллах Гюленнің жақтастары сол елде бүлік шығаруы әбден мүмкін. Невзат Уянык "Гюленнің жақтастары" көптеген елдерде барын айтты.

Десе де, Ресми Бішкек бұған еш негіз жоқ деп жауап қатты. Түркия сыртқы істер министірінің осы тектес мәлімдеме таратуы қисынсыз деп есептейді. Өткен аптада министр Мевлют Чавушоглу Қырғызстан билігін шұғыл әрекет етуге үндеген еді. Яғни Гюленге қатысы бар барлық ұйымдарды жабу керек деп айтқан.

Айта өтейік, Фетуллах Гюлен 16 шілде күні Түркияда болған мемлекеттік төңкеріске айыпты деп танылды.

Невзат Уянык, Түркияның Қазақстандағы елшісі:

Шынымен, министр мырза қырғыз бауырларымызды ескертпек болып, кеңес берген. Осы тектес мәлімдемелер расында қауіп барын растайды. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА