Көп қабатты үйдің ауласын көлік
тұрағына айналдыру заңды ма? Ауыл шаруашылығы мен жеке тұрғын үй құрылысына жер
телімін қалай алуға болады?
Өскемендіктердің осы және басқа да сұрақтарына «Нұр Отан» партиясының
қоғамдық қабылдау бөлмесінде жерді пайдалану және қорғау басқармасының
жетекшісі жауап берді. Меруерт Рысханова көлік иелері ауланың балалар алаңын
автотұраққа айналдырғанына шағымдана келді. Олар алаңды бас-басына бөліп,
шынжыр тартып қоршап алған. Көршілерінің шағымына көңіл де аудармайтын
көрінеді. Мамандар жыл басынан бері жер қатынастары комитетіне дәл осындай 600
шағым түскенін айтты.
Меруерт Рысхан, Өскемен
қаласының тұрғыны:
Бұл тұрғындардың ортақ алаңы
емес пе? Ешкім сатып алған жоқ, сатып алса, құжаты қайда? Олармен қалай күресуге болады, соны білмекке
келдім.
Құзырлы мамандар ол үшін шағым
жазу жеткілікті екенін айтады. Осы тәртіппен комитет бұған дейінгі мәселелерді
реттеп беріпті. Ал ауыл шаруашылығы немесе тұрғын үй құрылысына жер алуға
азаматтарымыздың толық құқы бар. Құзырлы органдардың халыққа «жоқ» деп жауап
қайыруы - заңбұзушылық, - дейді Мейірхан Әшімханов. Ондай жағдайлар енді партияның
бақылауында. Жер алу үшін өтініш беру жеткілікті. Кәсіп ашу үшін өтінішке
бизнес жоспарды қатар ұсыну қажет.
Мейірхан Әшімханов, ШҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау
басқармасының жетекшісі:
Сол конкурс бойынша ол жерді
әлі күнге дейін беруге болады. Тоқтатқан заңды білесіңдер, ол әлгі шетелдің
азаматтарына 25 жылға арендаға беру, жер сату. Ол бүгін тоқтатылды, 1 қаңтарға
дейін президенттің жарлығы бойынша. Бүгін міне келіп отыр осы сұрақпен,
сондықтан ешқандай тоқтату болған жоқ, әрбір шаруа қожалығын ашам деген, үй
салам, саяжай салам деген адамға, ешқандай қарсылық жоқ, беру керек.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ