Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қарағандылық ғалымдар дәрі- дәрмек және косметика өндіру жобаларын қолға алмақ

AstanaTV
17.10.2022ж. 20:00
1476
Қарағандылық ғалымдар дәрі- дәрмек және косметика өндіру жобаларын қолға алмақ

Қарағандылық ғалымдар болаттың сапасын жақсартып, жаңа дәрі- дәрмек және косметика өндіру жобаларын қолға алады. Жас ғалымдар темірдің сапасын арттырып қана қоймай металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеу жолдарын қарастырмақ. Қарағанды индустриялдық университетінде бірден 5 ғылыми жоба жүзеге асады. Оған қаржы үкіметтен және жартылай жергілікті өндіріс орындарынан бөлінген. Ел президентінің жолдауы арқасында осындай зор мүмкіндікке қол жеткіздік, - дейді оқу орнының ұжымы. Бүгін олар «Amanat» партиясының өкілдерімен бірге Жолдаудағы тапсырмаларды іске асыру жолдарын талқылады. Ендігі уақытта жас ғалымдар ғылыми жаңалықтары арқылы ірі кәсіпорындарға ІТ технологияларды меңгертіп, Теміртау қаласының экологиясын жақсартуға үлес қоспақ.

Талғат ЖҮНІСҚАЛИЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИАЛДЫ УНИВЕРСИТЕТІ, ҒЫЛЫМ,ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Үкімет тарапынан ғылымға инновацияға деген бетбұрушылық жоғары дәрежеде. Соңғы екі- үш жылда ғылымға деген қаржы екі еселеп көтерілді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауына сәйкес мың грант бөлінді.Соның 5 грантты біздің посдокторанттарымыз, жас ғалымдарымыз ұтып алды. Олар металлургия саласы мен экология саласын қамтиды. Айтатын болсақ болаттың құрамына өзгерістер енгізуге немесе металлургия өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеуге негізделген.

А. Қуаш