Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылордада өткен «Алтын дән» жәрмеңкесінде 2 мың тоннаға жуық өнім сатылды

AstanaTV
17.10.2022ж. 20:00
1592
Қызылордада өткен «Алтын дән» жәрмеңкесінде 2 мың тоннаға жуық өнім сатылды

Қызылордада өткен «Алтын дән» жәрмеңкесінде 2 мың тоннаға жуық өнім сатылды. Еңбектің жемісін жинап әкелген шаруалар 7 ауданнан келген. Бақша дақылдарынан бөлек, балық, ет, сүт өнімдері базардан әлдеқайда арзан сатылды.

Жәрмеңке бір мезетте қаланың 8 шағын ауданында өтті. Онда бақша дақылдарынан бөлек, әр ауданның өзіне тән танымал өнімдерін іздеп барып алып жатқандар да бар. Қазалының кәмпиттер де көптің ерекше сұранысына ие болды. 500 келі тәтті 1-2 сағаттың ішінде сатылып кетті.

Ғалия ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, САТУШЫ:

Сұраныс жоғары. 9 түрін әкеліп тұрмыз. Қол жетімді бағада. Қазір Қазақстанның бүкіл қалаларына шығады. Адамдар жақсы болғаннан кейін қайтадан сұрап алып алып жатыр.

Жалпы есеппен, облыс орталығына аудандардан 530 жүк көлігі келген. 500 млн. теңгеден асатын азық-түліктің 40-тан астам түрі жеткізілген. Барлығы базар бағасынан 15-20 процентке төмен сатылды.

Шырынкүл ҚИСАНБАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тиімділігі базардан жақсы. Халыққа қонымды ғой. Енді осындай болып тұра берсін әрдайым, жәрмеңкелер. Мен жылда келемін. Жылда күріш, картоп, жуа, сәбіз, қауын бәрін осы жерден аламыз.

Тұрғындардан өзге, облыс әкімі де бағаларды бағамдауға келді. Ала жаздайғы тірнектеп өсірген мол өнімді шашпай-төкпей жинап, қонымды бағада ұсынып отырған шаруаларға ризашылығын білдірді. Ал жауаптылар мұндай жәрмеңкелердің жалғасын табатынбығын айтты.

Талғат ДҮЙСЕБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Арнайы кесте бекіліген. Апта сайын бұл жалғасын табады. Апта сайын бір ауданнан келіп Қызылорда қаласында жәрмеңке болатын болады.

«Алтын дән» мерекесі одан әрі ат бәйгесіне жалғасты. Аламаннан озық келген жүйіктер қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

М. Тоқтасынқызы