Астанада алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен ашық чемпионат өтті. Шараға «Көзімнің қарасы» мүгедектер қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды. Көз жанары көрмейтін және нашар көретін жандарға арналған додада 20-дан аса қатысушы бақ сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Параолимпиадалық жаттығу орталығында бір ай дайындық жүргізілген. Үстел теннисін шетелден алдыртқан. Үстел үстіндегі ойын добы ерекше жандарға арналған, сылдырмақ тәрізді.
Жүзбай СЕРІКҰЛЫ, «КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫ» МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Шет мемлекеттен осы Шоудоун теннисін қалай кіргізсем екен, зерттедім көп. Шариктердің өзін жасауда Дания мемлекетінен жасалады екен. Негізі Канадада шыққан. Құлақ есту қабілеті күшейеді. Бұл жерде хоккейдің шайбысы сияқты ол столдың үстінде шылдырдап соғылады. Столдан жоғары көтерілмейді.
Дәурен ЕЛУҚҰЛОВ, ҚАТЫСУШЫ:
Бұл Showdown деген теннис турнирін бізді үйде отырмасын деп, шынықсын деп, адамдармен араласып, көңілін көтерсін деп ұйымдастырып отыр деп ойлаймын. Ал мынау спорттың жеңіл түрі ғой.
Ә. Дүкембаева